Негізгі мазмұнға өту
Бизнеске
Полистер
Байланыстар
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ
Біз 24/7 байланыстамыз
Біз әлеуметтік желілердеміз

Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандыру

Құрылыс-монтаждық жұмыстарға байланысты тәуекелдерді сақтандыру құрылыс процесінің негізгі қатысушыларының, яғни тапсырыс беруші мен мердігердің мүдделерін қорғайды

"Құрылыс-монтаж жұмыстарын сақтандыру" сақтандыру ережелері жаңа редакция (KAZ) (RUS)
Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандыру

Түсінікті ережелер

Қай кезде төлем алуға болатынын нақты түсіндіреміз

30 жылдық тәжірибе

10 950 түннен астам уақыт клиенттеріміз тыныш ұйықтап келеді

Ашық қарым-қатынас

Сіз әрқашан біздің көмегімізге сене аласыз

Әділ төлемдер

Компания жұмысындағы негізгі ұстаным — әділ төлемдер

Келісім-шарт бірнеше кезеңді қамтиды: техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуден құрылыс нысанын пайдалануға беру сатысына дейін

Тәуекелдер

Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандырудағы сақтандыру жағдайы —бұл  белгілі бір туындау ықтималдығына ие келесі оқиғалар салдарынан залалдың келуі:

  • өрт, жарылыс, найзағай түсуі, ұшу аппараттарының құлауы;
  • құйын, сұрапыл дауыл, боран, тайфун;
  • қар көшкіні, сел;
  • су басу, тасқын су, нөсер;
  • опырылу, топырақтың көшуі, шөгуі, жер асты суларының көтерілуі;
  • жер сілкінісі;
  • үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, соның ішінде жымқыру;
  • инженерлік желілердегі (су құбыры, канализация, жылу құбырлары, электрмен жабдықтау) авариялар;
  • монтаж кезіндегі қателер;
  • жылжымалы құрылыс техникасының түйісуі немесе соқтығуы нәтижесінде сақтандырылған объектінің құлауы немесе бүлінуі;
  • объектінің бұзылуы немесе бүлінуі, соның ішінде опырылған немесе құлаған бөліктермен.

Сақтандыру компаниясының басты міндеті — объектілердің құрылысы кезінде туындаған алдын-ала болжанбаған және күтпеген шығынды өтеу, сонымен қатар құрылысқа салынған қаржы салымдарын қорғау.

Сақтандыру объектілері

  • құрылыс жұмыстары, соның ішінде құрылыс материалдары мен конструкциялар, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші жеткізетін құрылыс элементтері мен материалдары.
  • монтаж жұмыстары, соның ішінде монтаждалатын жабдық, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші ұсынатын материалдар, жабдықтар мен қызметтер.
  • сақтандыру шартына жалғанатын тізімге сәйкес құрылыс алаңындағы мүлік (уақытша ғимараттар мен құрылыстар, қойма жайлары, құрылыс сатылары, инженерлік коммуникациялар, құрылыс машиналары мен жабдық).
  • шартта көрсетілген сақтандыру аумағын сақтандыру жағдайы нәтижесінде бүлінген мүлік қалдықтарынан тазарту шығындары.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру кезінде:

  • сақтандыру шартында көрсетілген құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келуі.

47,8 млн. теңге — 2015 жылдағы осы сақтандыру түрі бойынша сыйақы көлемі.

Сақтанушының төмендегі жайттар салдарынан келтірілген зиянға қатысты іске қосылғаннан кейінгі кепілдік міндеттемелері:

  • кепілді пайдалану кезеңінде белгілі болған, құрылыс-монтаж және іске қосу-жөндеу операцияларын жүргізу кезінде орын алған қателіктер;
  • сақтанушының кепілді міндеттемелерін орындауы кезінде орын алған қателіктер.

Артықшылықтары

  • Халықаралық рейтингіжәне клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары сақтандыру компаниясы.
  • Сапалы сервис.
  • Шартты жедел жасау.
  • Сақтандырудың икемді шарттары.
  • Сенімді қайтасақтандыру қорғанышы.
  • Клиенттер алдындағыміндеттемелерді тезәрі мүлтіксізорындау.
  • Сақтандыру шартынқұрылыс мерзімінетеңдес мерзімге жасау мүмкіндігі.

Өтініш жіберу

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Біз компанияның таныстырылымын және жылдық есепті email-ға жібереміз және сұрақтарыңызға жауап беру үшін өзіңізге қоңырау шаламыз.

+7