Түсінікті ережелер
Қай кезде төлем алуға болатынын нақты түсіндіреміз
Қай кезде төлем алуға болатынын нақты түсіндіреміз
10 950 түннен астам уақыт клиенттеріміз тыныш ұйықтап келеді
Сіз әрқашан біздің көмегімізге сене аласыз
Компания жұмысындағы негізгі ұстаным — әділ төлемдер
«МСК» АҚ мұнай өндіруші компаниялардың тәуекелдерін сақтандыру саласындағы жұмыс жасау тәжірибесінің тарихы тереңнен тартылады. Компанияның тәуекелдерді халықаралық сенімді қайта сақтандыру ұйымдарына табыстау мүмкіндігі бар.
«МСК» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдаланушыларға қоятын талаптарына сәйкес мұнай өндіруші компаниялар үшін тәуекелдерді сақтандыру қызметтерін ұсынады.
Мұнайлы операцияларды кешенді сақтандыру ұңғыманың бақылаудан шығуы барысындағы шығындарды өтейді және ұңғыма бақылауын қайта қалпына келтіруге қажетті құралдарға, сондай-ақ келесі аталғандарды төлей алады:
Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану барысында келтірілуі мүмкін ең үлкен залал ұңғымадағы үрдістің бақылаудан шығуы мен бұрғылау ерітіндісі, мұнай, газ немесе судың жоспарланбаған тасқынымен байланысты.
Сондай-ақ мұнай компаниясының операциялық қызметімен байланысты – жер астындағы бақылаудан айырылу, ұңғыма бақылауынан айырылу қатерін алдын алу шығындары, ұлғайтылған қайта бұрғылау немесе ұңғыманы қайта қалпына келтіру шығындары, пайдалану бойынша шығындар мен т.б. кеңейтілген тәуекелдер қосымша сақтандырылуы мүмкін.
Біздің мамандар сіздің қаражатыңыз, міндеттеріңіз бен бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін, жеке сақтандыру бағдарламасын даярлайды.